Ел сөзін ұстауы тиіс министрлер екі ауыз антын оқи алмады (ВИДЕО)

Ел сөзін ұстауы тиіс министрлер екі ауыз антын оқи алмады (ВИДЕО)

Ел сөзін ұстауы тиіс министрлер екі ауыз антын оқи алмады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Atameken Business телеарнасының «Сөзбе-сөз» бағдарламасында ескі де жаңа Үкіметтің құрамы сөз болды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл шолуда негізінен жаңадан тағайындалған министрлердің ант бере алмай, алдындағы мемлекеттік тілде жазылған бір парақ қағаздағы мәтінді ежіктеп тұрғандары ерекше назар аудартады. Денсаулық сақтау министрі болған Ажар Ғиният қатты қобалжып кетті ме, әйтеуір, жаттанды сөздерді қағаздан оқып тұрса да, сөйлемдерін көзбен таба алмай, әбден әбігерге түсті. Басқалары да 1-сынып оқушыларына ұқсап, екі әріптің басын құрап оқи алмай тұрғанда, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еш саспады. Ол қағаздан бас көтермей, дайын мәтінді судыратып оқи салды. Жатқа білетін біреуі де жоқ. Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліске сайланған біраз депутат та антына адал екенін бір жапырақ қағаздан оқып бере алмай, дәл осылай әріп танымайтын баланың күйін кешкен еді... Енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шалбарының тізесі шыққанша креслода отыра беретін», жұмыс істемейтін шенеуніктермен тез қоштасатынын ескертіп, олардың жалақыларын өсіруге де 5 жылға мораторий жариялап отыр. Сонымен қатар, олардың ел сөзін ұстауы үшін екі ауыз мәтінді оқи алуы керектігін де ескерсе жөн болар еді.