Қарақат Әбілдина Коньяда құрбандыққа 100 келі қой шалғанын көрсетті

Қарақат Әбілдина Коньяда құрбандыққа 100 келі қой шалғанын көрсетті

Қарақат Әбілдина Коньяда құрбандыққа 100 келі қой шалғанын көрсетті
ашық дереккөзі
Әнші Қарақат Әбілдина Түркияда 100 келі ет беретін қойды құрбандыққа шалды. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасы мен сторисіне бұл құрбандығын Қазақстанның тәуелсіздігіне арнайтынын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Елдегі жағдайдың алдында іссапармен Түркияға ұштым, 1 аптаға. Келіп алған соң, телефонды бағып, тек жаңалық қараумен болдық. Керекті кездесулер өтіп, құжаттарға қол қойдым. Бірақ көз, құлақ, жүрек бәрі ел жақта болды. Ішім ішіме сыймай, жылап та алдым. «Уайымнан у іштім» деген екен ақын. Тура сол, не жеп, не қойғанымызды білмей, уайым басты. Сонда жақын достарымыз «Қарақааат, осы жақта Конья деген қала бар. Әулиелер өткен, Мәулана Жалаладдин Румидің кесенесі, Ахмет Яссауидің шәкірттерінің жатқан жері, діни білімнің ордасы. Арнайы зиярат ниетімен барып, ел үшін дұға етейік?!» деді. 6-7 сағаттық жол екен. Күн жауын. Ұсыныс көңілге қона кетті. Бісмәллә деп, таңмен жолға шықтық...» - дейді әнші.
құрбандық

Тағы оқи отырыңыз: Қыдырәлі Болманов мерейтой қарсаңында медаль алмағанына қапалы

Содан олар сол жерде Құран оқып, зиярат жасаған. Оған қоса, «Ел амандығы үшін» деп үлкен бір ісекті (өзі «қошқар» дейді, ал пішілмеген қошқардың етін жеуге болмайды, - ред.) құрбандыққа шалыпты. Құрбандықтың етін сондағы медреселерде оқып жатқан қазақ отбасыларына үлестірген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)