«Нан бердік, болды»: әкім мұқтаж жандарға 2 бөлкеден үлестіргенін жасырмады

«Нан бердік, болды»: әкім мұқтаж жандарға 2 бөлкеден үлестіргенін жасырмады

«Нан бердік, болды»: әкім мұқтаж жандарға 2 бөлкеден үлестіргенін жасырмады
ашық дереккөзі
Көпбалалы аналар мен жалғызбасты зейнеткерлерге Павлодар ауданына қарасты Жолболды ауылының әкімі екі бөлке нан сыйлаған. Бұл ерекше сыйлық туралы көпбалалы аналардың бірі өзінің Instagram-дағы парақшасына жазыпты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Аз қамтылған ауыл тұрғындарының Жаңа жыл мерекесіне бір күн қалғанда жергілікті биліктен нан алғаны белгілі болды. Әкімдік қызметкерлері Instagram желісіндегі ресми парақшасында фоторепортаж жариялап, сипаттамасында «Ауылдық округ әкімі көпбалалы аналарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тегін нан үлестірді» деп жазған. Билік өкілдерінің сыйы алушыларды таңғалдырған және ашуландырған.
«Әкімдіктің ойынша, біз нан сатып ала алмаймыз, ал мерекеде халық тек осындай сыйлыққа лайық. Мен мұны қорлық деп санаймын», - дейді көпбалалы ана.
Бұл ретте ауыл әкімдігі ешкімді ренжіткісі де, қорлағысы да келмейтінін жеткізген.
«Әкімдікке ешкімді шақырған жоқпыз. 30 желтоқсанда демеушілерден нан алып, мамандарымыз мұқтаж жандарға жеткізіп берді. Суреттегі – қоғамдық жұмыстармен айналысатын екі әйел. Біреуі – көпбалалы ана, екіншісі – аз қамтылған. Оларды әдейі шақырған жоқпыз, нан бердік, болды. Бірақ, бәрінен кешірім сұрадық, ешкімді ренжіткіміз келмеді», - деп түсіндірді Жолболды ауылдық округінің әкімі Хамит Ахтанов.