Қарағанды жолында қатты жел жүк көлігін ұшырып әкете жаздады (ВИДЕО)

Қарағанды жолында қатты жел жүк көлігін ұшырып әкете жаздады (ВИДЕО)

Қарағанды жолында қатты жел жүк көлігін ұшырып әкете жаздады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қатты жел салдарынан жүк көлігі аударылып қала жаздады. Оқиға Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолында болған, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға cілтеме жасап. Кеше, яғни 15 қаңтарда түсірілген видеоны редакцияға оқиға куәгерлері жіберген. Онда сөйлеп тұрған ер адам фургонды жел алып бара жатқанын айтады.
«Ол жүріп келе жатқан жоқ. Алайда қатты жел орнынан қозғады», - дейді куәгер.
Еске сала кетсек, 15 қаңтарда Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел тұрып, бірнеше бағыттағы жол жабылған еді.