Алматыда полицейлердің соққыға жығылып жатқаны жарияланды (ВИДЕО)

Алматыда полицейлердің соққыға жығылып жатқаны жарияланды (ВИДЕО)

Алматыда полицейлердің соққыға жығылып жатқаны жарияланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қалалық ПД полицейлерді ұрып-соғып жатқан бейнелерді көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жинақ 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған. Еске сала кетсек, жүздеген агрессивті адам тәртіпсіздіктерді, тонауды және басқа да заңсыз әрекеттерді баспақ болған полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан. Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару кезінде Алматы полициясының 3 қызметкері қаза тапты. Тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды десек, олардың екеуінің жағдайы ауыр. Қаңтардың 5-і күні Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысандардың бірін қорғау кезінде қайтыс болды. Әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғаудағы ерліктері үшін бұл полиция қызметкерлері ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.