Шәріпбаев пен Досанов қызметтен босатылды

Шәріпбаев пен Досанов қызметтен босатылды

Шәріпбаев пен Досанов қызметтен босатылды
ашық дереккөзі
«ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларынан Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов басшы лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Айта кетсек, Әлия Назарбаеваның күйеуі Димаш Досанов 2016 жылдан бері «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры және басқарма төрағасы болып келген. Ал Дариға Назарбаевамен бас қосқан Қайрат Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы еді. «Самұрық-Қазына» қоры Елбасының екі күйеу баласы – Досанов пен Шәріпбаевтың қызметінен босатылғанын ресми түрде растады.