«Енді қазы-қарта іліп қойыңыздар»: жаңа «салт» жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

«Енді қазы-қарта іліп қойыңыздар»: жаңа «салт» жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

«Енді қазы-қарта іліп қойыңыздар»: жаңа «салт» жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ұзатылып жатқан қазақ қыздың мойнына жалбыратып қағаз теңгелерді іліп қойған «салт» қызу талқыланып жатыр, деп жазды turkystan.kz. Қазақы киінген қалыңдықтың мойнына 1000, 2000, 5000, 10 000 теңгеліктер ілінген сәттің видеосы Instagram-дағы analar.alemi парақшасына жарияланған. Қалыңдықты өңкей орамал тағып, хиджаб киген әйелдер алқалап жүр. Оны көрген желі қолданушылардың бәрі елде бұрын-соңды болмаған «салт-дәстүрге» бірден қарсылық танытты.
«Енді қазы-қарта іліп қойыңыздар», «Мынау не сұмдық? Кришна болып кеткен бе? Салт-дәстүрді келеке етпей, бүйректен сирақ шығармай, ата дәстүрді істесеңдерші», «Не болып барады? Ұйықтап тұрып, салт ойлап табатын болған ба адамдар?», «Бәрі орамал таққан әпкелер, аналар. Не исламда, не қазақта жоқ салт. Ұят», «Банкомат келін», «Сорламай, әр елдің артық нәрсесін жасамай жүріңдерші. Бар салтымызды қарық қылып алыңдаршы» деп шуласты көпшілік.
Сондай-ақ бұл әрекетті біреулер «үнді, түріктің салты, қазақтар телехикаядан көріп алғанын істеп әлек» десе, енді біреулері ондайды шешен елінен көргендерін алға тартып отыр. Әйтеуір қазақтың әдет-ғұрпына, өмір сүру дағдысына жат екені анық.