Жас өнерпаздар Грузияда жүлделі болды

Сыр елінің өнерпаз балғындары Грузия мемлекетінің Фазаси қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде табысты өнер көрсетіп, жүлделі оралды. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет басқармасы хабарлады.

Түрлі елдің мәдениетін насихаттап, шығармашылықты дамытуды мақсат еткен фестиваль қорытындысында бас жүлдені Қазанғап атындағы музыкалық колледждің студенті Ақбота Құснадин иеленді. Ал сырдариялық Мақаш Қасиет, Дінислам Бақытбек, Арслан Толыбеков пен Бақдәулет Исабеков І орынмен марапатталды. Ділназ Төлеген мен Зульфия Айтбай 14-15 жас аралығында өнер көрсетіп, әділқазылар шешімімен екінші орын алды.

Айта кету керек, балғындарды фестивальға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қаракөз Ақдәулетова дайындаған.

Back to top button