Президент күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді

Президент күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді

Президент күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап. Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты қатысты. Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары баяндалды. Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза тапқан бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күш құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін де айтты.