Боралдай тауында бәйшешек гүлдей бастады

Боралдай тауында бәйшешек гүлдей бастады

Боралдай тауында бәйшешек гүлдей бастады
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы Боралдай тауында «қыстың шілдесі» - қаңтардың ортасында бәйшешек гүлдей бастады. Оны алғаш Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері байқаған, деп жазды turkystan.kz. Көктемнің жаршысындай болған дала гүлінің бас қылтитуын Қазгидромет мамандары соңғы күндері жиі жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының 14-15 градусқа дейін жылы болып тұруымен байланыстырған. Жалпы, өңірде биыл қыс жылдағыдан да жылы. Қар жауғанымен, бірден еріп кетіп жатыр. Ал синоптиктер алдағы демалыс күндері облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болып, жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Қаңтардың 18-19-ында түнде аяз болатыны да болжанған.