ҚТЖ былтырғы жұмысын қорытындылады

ҚТЖ былтырғы жұмысын қорытындылады

ҚТЖ былтырғы жұмысын қорытындылады
ашық дереккөзі
Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кеңейтілген отырыста  2021 жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Пайдаланылған жүк айналымы 239 млрд.т-км неттоға жетсе, бұл тәуелсіздіктің барлық жылдарында ең жоғары тарихи көрсеткіш болып саналады. Жыл қорытындысы бойынша компания пайда тапты. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті бір миллион ЖФЭ асты», делінген      «ҚТЖ»-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 1000 шақырымнан астам темір жол жаңартылды. Оның 582 шақырымы күрделі жөндеуден өткен. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударылған. Өткен жылы орташа айлық жалақы өсімі 22% құрады, компания қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өскен.