Рұқсат етілмеген митингке қатысқандар 15 тәулікке қамалды

Рұқсат етілмеген митингке қатысқандар 15 тәулікке қамалды

Рұқсат етілмеген митингке қатысқандар 15 тәулікке қамалды
ашық дереккөзі
2022 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарында көлік полицейлері 349 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады turkystan.kz. Мәселен, Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы 4 қаңтарда Қандыағаш станциясы вокзалының перронында санкцияланбаған митингке қатысқан Ақтөбе облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен аталған азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алыныпты. «Сондай-ақ, Павлодар вокзалында 1993 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды, ол «Павлодар-Омбы» бағытындағы жолаушылар пойызымен кетпекші болған. Тексеру барысында оның телефонынан Павлодар облысының Баянауыл кентінде санкцияланбаған митингке қатысқандығын куәландыратын хат алмасу табылды», деп жазылған Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Көлік полицейлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.