Тәртіпсіздік кезінде қыздарына оқ тиген отбасыға пәтер беріледі
Тәртіпсіздік кезінде қыздарына оқ тиген отбасыға пәтер беріледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар баланың отбасында болып, көңіл айтты, деп жазды turkystan.kz.
Қара жамылған көпбалалы отбасыға барған Алматы әкімі қыздың ата-анасын төзімділік пен шыдамдылыққа шақырып, ауруханада жатқан жасөспірімнің тез сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, отбасыға материалдық көмек көрсетіліп, үш бөлмелі пәтер берілетінін атап айтты.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 7 қаңтарда шаһардың Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орын алды. Бүлікшілер тарапынан оқ атылған көлікте 4 және 15 жастағы қыздар болған. Егер кіші қыз оқиға орнында көз жұмса, оның әпкесі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.