Жаңалықтар

Екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

ашық дереккөзі

Екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы бүгін, 14 қаңтар күні таңғы сағат 11.30-да болған. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына апаратын тасжолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Арменияда тіркелген Honda Odessey болса, екіншісі – Ресейде тіркеуде тұрған ВАЗ – 2115 автокөлігі. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ – 2115 автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.