Әлемдегі табысы ең көп спортшы әйелдер аталды

Әлемдегі табысы ең көп спортшы әйелдер аталды

Әлемдегі табысы ең көп спортшы әйелдер аталды
ашық дереккөзі
Америкалық Forbes басылымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі табысы ең көп спортшылар тізімін жариялады, деп жазды turkystan.kz. Тізімде жапон теннисші Наоми Осака көш бастаған. Оның табысы - 57,3 миллион доллар. Оның 2,3 миллион доллары жарыстардан алған жүлдесі, ал қалған 55 миллион доллары спорттан тыс кірістен түскен. Рейтингтің екінші сатысында 45,9 миллион доллар табысы бар америкалық теннисші Серена Уильямс тұр. Жарыстарда ол 900 мың доллар жүлде алған, ал корттан тыс 45 миллион доллар кіріс тапқан. Үшінші орынға теннис жұлдызы және Серенаның әпкесі Винус Уильямс жайғасқан. Оның кірісі 11,3 миллион долларға бағаланады. Егер 300 мың доллар жарыстардан түссе, ал 11 миллион доллар – спорттан тыс табысы. Үздік үштіктен кейінгі «Топ-10» тізімі төмендегідей: 4. Симона Байлз (спорттық гимнастика) – 10,1 миллион доллар; 5. Гарбиньо Мугуруса (теннис) – 8,8 миллион доллар; 6. Ко Джин-янг (гольф) – 7,5 миллион доллар; 7. Пусарла Венката Синдху (бадминтон) – 7,2 миллион доллар; 8. Эшли Барти (теннис) – 6,9 миллион доллар; 9. Нелли Корда (гольф) – 5,9 миллион доллар; 10. Кэндис Паркер (баскетбол) – 5,7 миллион доллар.