Жаңалықтар

Әскери қызметкердің 2 жасар ұлымен қауышқан сәті елді тәнті етті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Әскери қызметкердің 2 жасар ұлымен қауышқан сәті елді тәнті етті (ВИДЕО)

Қорғаныс министрлігі желіде көптің жүрегін елжіреткен ерекше видеоны жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбада әскери қызметкердің кішкентай баласымен қауышқан сәті көрсетіледі.

«Көптен күткен кездесудегі әсерлі сәт. Келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші, ефрейтор Асқар Ерасыл және оның екі жасар ұлы Әділеттің кездесуі», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде аталмыш видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. «Балалар үшін аман жүріңдер, жауынгерлер!», «Кішкентай балапан, әкесін айналып тұрған түрінен сол! Баршасы үйге аман-сау келсе екен. Қазақстанға бейбітшілік тілеймін!», «Әскерилер бізге батыр көрінеді», «Мына видеоны көріп, жыламай отыра алмаймын. Рахмет сендерге, жігіттер! Бас иемін. Аман болыңдар!», «Көзге жас алмай қарау мүмкін емес, сізге және отбасыңызға құдай денсаулық, бақытты ғұмыр берсін!», «Жаным, ботақаным, тәп-тәтті болған түріңнен. Аман болсын әкесі», - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.