Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі шықты

Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі шықты

Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі шықты
ашық дереккөзі
«Ферғана» сарапшыларының мәліметінше, ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі «мықты ойыншы» болған, деп хабарлады turkystan.kz «ВЫХОД К ПРАВДЕ» telegram арнасына сілтеме жасап. Бұл ретте ол БАҚ қызметін ұйымдастыруда орыстар мен украиндардың дәстүрлі қызметін пайдаланбай, Германиядан мамандар шақыртыпты. Соның нәтижесінде, 1-ақ жылда Кәрім Мәсімов басқаратын медиа ресурстар елдегі ең танымал БАҚ-қа айналып шыға келген. Сонымен, қазір қамауда жатқан бұрынғы шендінің «медиа патшалығына» төмендегі БАҚ кіретіні дәлелденген: - СТВ телеарнасы; - «7 арна» (соңғы мәліметтер бойынша ол BTS Digital компаниялар тобына қайта сатылған); - «Tengri-FM» радиостанциясы; - «Tengri-TV» интернет-телеарнасы; - «Алаш айнасы» газеті; - Vesti спорттық интернет-басылымы; - TengriNews ақпараттық-сараптамалық порталы.