Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №702 Қаулысымен Дмитрий Голобурда ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайты сілтеме жасап. Д. Голобурда 1973 жылы 17 шілде күні дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеді. 2009-2012 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2014 жылдың сәуірінен бастап қазан айына дейін — Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін Д. Голобурда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы лауазымын атқарды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы №350 Жарлығына сәйкес құрылды.