Кентаулық депутат ру туралы бір ауыз сөзімен халықты дүрліктірді (ВИДЕО)

Кентаулық депутат ру туралы бір ауыз сөзімен халықты дүрліктірді (ВИДЕО)

Кентаулық депутат ру туралы бір ауыз сөзімен халықты дүрліктірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Кентау қаласының депутаты Жаңаөзен халқын қолдап көшеге шыққан тұрғындарына басу айтамын деп көпшіліктің наразылығын тудырды. Ол қымбатшылыққа ашынған халықтың алдында ру туралы айтқан, деп жазды turkystan.kz. Жамбол Рахматулла есімді тұрғын Youtube арнасына митингке жиналғандардың видеосын жүктеген. Видеодан Кентау жұртшылығының жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында жиналғанын көруге болады. Сонымен қатар тұрғындар жұмыссыздық, қымбатшылық, азық-түлік тапшылығы және жол сапасына да көңілдері толмайтынын айтады. Біраздан кейін қала әкімі Дәурен Мақажанов тұрғындар алдына шыққан. Алайда, жиналғандар әкімнің өзін  сынға алып, жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізеді. Кейінірек ортаға өзін қалалық мәслихат депутаты Қабылан Елеусізов деп таныстырған ер кісі шығып, халықты сабырға шақырмақ болады.
«Құрметті ағайын, жаман нәрсеге ілініп кетпейік. Ортаға шығып кезекпен сөйлеңдер... Тыңдайық... Мынау - найман руының басшысы», - деген депутат бір ауыз сөзімен ашынып отырған халықты одан бетер дүрліктіріп жіберген.