Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кететіні рас па?

Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кететіні рас па?

Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кететіні рас па?
ашық дереккөзі
WhatsApp желісінде Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде жұрттың сынына ұшыраған қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы хабарлама тарады, деп жазды turkystan.kz. Оның орнына бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Бейбіт Атамқұлов тағайындалады-мыс. Сағынтаев Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде желдей ескен бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желіде тараған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз жұмысын атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар ең қиын күндері қала тұрғындарына моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қолдау көрсетпегені үшін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қарсы петиция жариялаған болатын. Бірнеше сағаттың ішінде құжатқа 10 мыңнан астам адам қол қойды.