Полицейлер көшеге шыққанның бәріне күш қолданып жатыр ма?

Интернетте Атырау қаласында «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz stopfake. kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен-міс. Атырау облысы комендатурасының мәліметінше, бұл ақпарат – фейк.

«Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Атырау облысының Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button