Жол ережесін бұзған BMW жанармай құю бекетіне бұзып кірді

Жол ережесін бұзған BMW жанармай құю бекетіне бұзып кірді

Жол ережесін бұзған BMW жанармай құю бекетіне бұзып кірді
ашық дереккөзі
Қарағандыда BMW X5 маркалы көліктің жүргізушісі Audi-мен соқтығысып, жанармай бекетіне бұзып кірді. Жолаушылардың бірі қайтыс болса, екіншісі ауруханаға түсті, деп жазды turkystan.kz. «Қарағанды-Саран» тасжолында жол апаты болды. Белгілі болғандай, BMW X5-тің 22 жастағы жүргізушісі Саран қаласына қарай бара жатып, 26 жастағы жүргізуші тізгіндеген Audi автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан BMW X5 автокөлігінің 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 24 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.