«Самат Әбіш еңбек демалысында» – ҰҚК

«Самат Әбіш еңбек демалысында» – ҰҚК

«Самат Әбіш еңбек демалысында» – ҰҚК
ашық дереккөзі
Генерал-лейтенант Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін сақтап қалды, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.
«Келіп түскен сұраныстарға байланысты Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазір ол жыл сайынғы еңбек демалысында», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 43 жастағы Самат Әбіш - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол ҰҚК бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді.