Павлодарлық 110 жастағы кейуана жаңа жеке куәлік алды

Павлодарлық 110 жастағы кейуана жаңа жеке куәлік алды

Павлодарлық 110 жастағы кейуана жаңа жеке куәлік алды
ашық дереккөзі
Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданының Голубовка ауылында дүниеге келген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалы хабарлаған, деп жазды turkystan.kz. Бүгін Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, оған жаңа жеке куәлігін табыс етті.
«ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚКО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚКО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады», - дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.