Полицейді көлікпен соққан жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Полицейді көлікпен соққан жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Полицейді көлікпен соққан жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбеде  жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкерін көлікпен басып өткен жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Күдіктінің әрекеті әкімдік ғимаратының  сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көліктің астында қалып, жарақат алған тәртіп сақшысы Данияр Сейдуллин қазір ем алып жатыр. Оның өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.  Облыстық комендатураның ақпараты бойынша, өткен түні тыйым салынған уақытта көшеде жүрген 147 адам ұсталған. 92-сі әкімшілік жауапқа тартылды. Блок-бекеттердің бірінде тоқтатылған Mitsubishi автокөлігінен 16-калибрлі ИЖ аңшы мылтығы табылған. Мылтық иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, полиция блокбекетте Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізген ГАЗель автокөлігін тоқтатқан. Машина Ресейде ұрланған көліктер тізімінде екені анықталды. Жүргізуші Маңғыстау облысына қызанақ апара жатқанын айтқан. Ақтөбедегі қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты барлық мекемелерде де күзет күшейтілген. Түрмелерде сырттан азық-түлік қабылдау тоқтатылды.  Ал қоныс колониясындағылар төтенше жағдай тәртібі аяқталмайынша, жұмысқа бармайды.