Елордаға қару алып кірмек болғандар қолға түсті (ВИДЕО)

Елордаға қару алып кірмек болғандар қолға түсті (ВИДЕО)

Елордаға қару алып кірмек болғандар қолға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан аумағына қару-жарақ пен есірткі заттарын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Жалпы, қазірге дейін бас қалаға кіреберісте қойылған блокбекеттерде 50 мыңға жуық көлік тексерілген. Олардың арасында заң талаптарын өрескел бұзғандары да бар. Ал осы блокбекеттердегі тексеру шараларына байланысты ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Елорда іргесіндегі Қосшы елді мекені маңындағы блокбекет өкілдері көліктерді тыңғылықты тексеріп жатыр. Салдарынан ұзын кептеліс пайда болып, адамдар сағаттап жолда тұруға мәжбүр.
«Мұндай қарбалас бірер күн бұрын пайда болды. Ал бүгін кептелістің ұзындығы, тіпті, бірнеше шақырымға дейін созылған. Кейбірі бұған шыдамай, блокбекеттен жаяу өтуге мәжбүр. Ал Полиция департаменті мұның барлығы адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалған дейді. Мәселен, осы жұмыстардың арқасында түрлі қаруды қалаға өткізбек болғандар анықталуда. Бұған қоса, Павлодар және Қарағанды қалаларында ұрлық жасап, іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Орал.
Оның айтуынша, ұсталғандар арасында есірткі заттарын өткізбек болғандар да бар. Айта кетейік, қала маңында бас-аяғы осындай 6 өткізу орны жұмыс істеп тұр.