Бақытжан Сағынтаевтың өртенген кабинеті көрсетілді (ВИДЕО)

Бақытжан Сағынтаевтың өртенген кабинеті көрсетілді (ВИДЕО)

Бақытжан Сағынтаевтың өртенген кабинеті көрсетілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда әкімдік ғимаратын тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлады turkystan.kz. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын арада шамамен 660 адам жұмылдырылған тазарту жұмыстары аяқталады.
«Қираған жиһаз, техника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларға ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынған. Интернетте Алматы әкімдігінің өртенген кабинеттері түсірілген видеолар да жариялана бастады. Мәселен, төмендегі видео қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кабинетінен түсірілген көрінеді.