Елімізде алаяқтық 18 пайызға кеміді

Елімізде алаяқтық 18 пайызға кеміді

Елімізде алаяқтық 18 пайызға кеміді
ашық дереккөзі
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қараша айындағы деректер бойынша тіркелген алаяқтық әрекеттер саны 18% азайды. Атап айтқанда, былтырғы 32 295 фактінің орнына 26 469 факті тіркеліп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам алаяқ жауапкершілікке тартылды, 3,5 мыңнан астам іс бойынша тергеу жүргізілуде. Алаяқтық қылмыстарды ашу көрсеткіші 56,3 %-дан 62 %-ға дейін жақсарды. Алаяқтық қылмыстарына әртүрлі жолдармен, оның ішінде қайтарылмау мақсатында қарызға ақша алу және орындалмайтын келісімшарттар жасау, жалған кредиттер рәсімдеу, жұмысқа орналастыру, жылжымайтын мүлік сату, жалған «ұтысқа» төлем ретінде ақша аударту, т.б алаяқтық әрекеттер жатады.