Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам алаяқ жауапкершілікке тартылды, 3,5 мыңнан астам іс бойынша тергеу жүргізілуде. Алаяқтық қылмыстарды ашу көрсеткіші 56,3 %-дан 62 %-ға дейін жақсарды.
Алаяқтық қылмыстарына әртүрлі жолдармен, оның ішінде қайтарылмау мақсатында қарызға ақша алу және орындалмайтын келісімшарттар жасау, жалған кредиттер рәсімдеу, жұмысқа орналастыру, жылжымайтын мүлік сату, жалған «ұтысқа» төлем ретінде ақша аударту, т.б алаяқтық әрекеттер жатады.