Науқас бір түшкіргенде «омикрон» жүздеген адамға жұғуы мүмкін

13 қаңтар, 2022 / Ерік Елеусіз
ашық дереккөзі
Науқас бір түшкіргенде «омикрон» жүздеген адамға жұғуы мүмкін
Иммунолог Владимир Болибоктың айтуынша, «омикрон» штамын тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
«Осы уақытқа дейін жұқтырудың мұндай көрсеткіші болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру деп саналатын, бірақ, бұл тұрғыдан келгенде, омикрон асып түсті», - дейді иммунолог.
Оның пайымынша, вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу кезінде оның есінеуі, тіпті демалуы індет таратуға себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ «омикрон» балалар үшін аса қауіпті көрінеді.
«Олар белсенді түрде ауырады. Ауруханаға ауыр халде түсетіндердің саны күрт артады. Қазіргі басты мақсат – балалар өлімінің артуына жол бермеу», - дейді Владимир Болибок.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған. Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылыпты.