Алматыда 48 көлікке оқ атылған

Алматыда 48 көлікке оқ атылған

Алматыда 48 көлікке оқ атылған
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы қаласы Құтқару қызметінің директоры Бейсеғали Жүнісов жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша көлік бүлінгенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің қызметкерлер қаңтардың 5-інен бастап айыптұрағына қалада бүлінген көліктерді әкеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін қала көшелерінен 140 бүлінген машина жеткізілді. Оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік көлік те бар. Оның 47-сі өртенген, 48-іне оқ атылған. Оған қоса, тоналған көліктер бар», - деді ол.
Айтуынша, көліктер негізінен Төле би, Райымбек, Абай, Назарбаев, Желтоқсан, Сәтбаев көшелері бойынан және Саин даңғылындағы көпір үстінен жеткізілген. Олардың барлығы жөндеуге келмейді.