Алматыда 48 көлікке оқ атылған

13 қаңтар, 2022 / Ерік Елеусіз
ашық дереккөзі
Алматыда 48 көлікке оқ атылған Бүгін Алматы қаласы Құтқару қызметінің директоры Бейсеғали Жүнісов жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша көлік бүлінгенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің қызметкерлер қаңтардың 5-інен бастап айыптұрағына қалада бүлінген көліктерді әкеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін қала көшелерінен 140 бүлінген машина жеткізілді. Оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік көлік те бар. Оның 47-сі өртенген, 48-іне оқ атылған. Оған қоса, тоналған көліктер бар», - деді ол.
Айтуынша, көліктер негізінен Төле би, Райымбек, Абай, Назарбаев, Желтоқсан, Сәтбаев көшелері бойынан және Саин даңғылындағы көпір үстінен жеткізілген. Олардың барлығы жөндеуге келмейді.