Тұрғындардың автобусқа отыруына тыйым салынды
Тұрғындардың автобусқа отыруына тыйым салынды
Оңтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп тұр. Билік шет елден омикрон штамының келуінің алдын алу мақсатында тұрғындарына қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салатынын мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) хабарлауынша, елде шет елден вирус жұқтырып келгендер қатары рекордтық деңгейге жеткен. Ендігі кезекте тұрғындар өздерінің жеке автокөліктерін немесе ресми белгіленген қауіпсіз такси, автобус немесе пойыздарды пайдалана алады.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяға келген бетте адамдар соңғы 48 сағат ішінде берілген тест нәтижесін көрсетуі керек. Бұрын соңғы 72 сағат ішінде берілген тест нәтижесі қабылданатын еді.