«ҚазМұнайГаз» АҚ-на қатысты тергеу жүргізіле бастады

«ҚазМұнайГаз» АҚ-на қатысты тергеу жүргізіле бастады

«ҚазМұнайГаз» АҚ-на қатысты тергеу жүргізіле бастады
ашық дереккөзі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады turkystan.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде» деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін агенттік «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «СП Қазгермұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС сынды сұйытылған газ сататын ірі компанияларға қатысты тергеуді бастағанын хабарлаған болатын.