Жаңалықтар

Абай университетінің жастары Мемлекет басшысын қолдайды

ашық дереккөзі

Абай университетінің жастары Мемлекет басшысын қолдайды

Еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде студент-жастар ЖОО басшыларымен бірге барлық қазақстандықтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтасуға және оның ел тәуелсіздігін нығайту, құқықтық тәртіпті орнату және деструктивті элементтер тарапынан түрлі жағымсыз көріністерге жол бермеу жөніндегі шешімдерін қолдауға шақырады. Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мемлекет басшылығы қабылдаған шешімдер Алматы мен республиканың басқа қалаларында өмірді қалыпқа келтіретініне сенімді. Ал олар қазір көп нәрсе халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен түсінігіне байланысты екенін түсінеді. Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Ділдәбек Дидарбек: Қазіргі таңда «Бейбіт Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан» деген сөздердің мағынасы артып келеді. Бейбіт шеру қылмыскерлердің шабуылымен жалғасады деп ешкім де күдіктенген жоқ. Тәуелсіздік тарихында мұндай жағдай көрмеген Қазақстан халқы есеңгіреп, 2-3 күннің ішінде өмір сүру салтын өзгерткендей. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Үндеулері мен қабылдаған жедел шешімдері үрейімізді сейілтіп, сенім қалыптастырды. Осы тұста барша Қазақстандықтардың үлкен үміті Президентімізде екені анық. Әрбір ел азаматы ақылға салып бір ойға жинақталғаны қылмыскерлер мен террористтерден ертерек тазаруға өз ықпалын тигізеді. Халық арасында әліде алыпқашпа әңгімелер таратып, қаралаушылардың көп екені көрініп тұр! Ел Президентін, не болмаса әскерді, одан ҰҚШҰ не екенін білмейтіндер дұрыс емес пікір қалдырып жатқанын көріп отырмыз. Бейбіт шеру болса бірсәрі, кешегі өткен ылаң, ұрлық, бассыздық ел қамын ойлағандардың ісі емес! Независимость страны важна для меня, для вас, для всех нас. Давай будем вместе! Пусть страна будет в безопасности, а люди будут мирными! Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Әбдікамал Алсын: Елде болған оқиға бәрімізді қатты алаңдатады. Біз Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған барлық үндеулерін мұқият қадағалаймыз, оның елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтауға деген ұмтылысын қолдаймыз. Мемлекет басшысы жедел қабылдаған шешімдер елімізді қиын жағдайдан шығаратынына сенімдіміз. Бізге тыныштық, бейбітшілік қажет. Абай атындағы ҚазҰПУ Студенттік парламент ұйымының мүшесі Әймен Нұрахымова: Мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін мұқият тыңдадым. Ол елде енгізілген төтенше жағдай өз жемісін бергенін және оның бүкіл аумағында конституциялық құқық белгіленгенін атап өтті. Мен Президентімізді және оның қазіргі саясатын толық қолдаймын. Туған жерімізді, егемендігімізді сақтау үшін арандатушыларға бой алдырмау керек. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа толық сенемін. Елімізде белең алған жаппай тәртіпсіздік пен деструктивті әрекеттерді тоқтатып, жоюға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен нақты шаралар жүзеге асуда. Ал оны тиянақты іске асыруды әрбір жауапты орган өз деңгейінде орындауы шарт. Оған халық қолдау білдіре отырып, қазіргі кезде талап етіліп отырған барлық шараға мұқият болғанын қалаймыз. Ел басына төнген қиын кезеңде халықтың амандығы - басты міндет. Президентке қолдау білдіріп, мемлекеттігімізді сақтау жолында жауапкершілікті сезіне отырып, жұдырықтай жұмылу маңызды. Осы орайда студент жастарды, ата-аналарды қиын сәтте сабырлы болуға шақырамын. Отанымызға адалдықты сақтау маңызды. Өкінішке қарай, бейбіт шеруде кейбір белсенділердің, арандатушылардың жауапсыз әрекетінен жүздеген бейбіт тұрғын мен әскерилердің өміріне қауіп төнді. Ел тыныштығы бұзылды. Қазіргі кезде оқу орындарында студенттердің, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жатақхана мен оқу ғимараттары қатаң бақылауға алынды. Биылғы оқу жылының екінші семестрі Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 24 қаңтардан басталады. Қиын-қыстау кезеңде бірлігіміздің, Тәуелсіздігіміздің бекем болуы маңызды. Осы орайда барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды сақтық танытып, ел тұрақтылығын сақтауға атсалысуға шақырамын.