Жаңалықтар

Заңгер «Такбир», «Аллаһу Акбар» деп ұрандатқан Қайрат Құдайбергенге шүйлікті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Заңгер «Такбир», «Аллаһу Акбар» деп ұрандатқан Қайрат Құдайбергенге шүйлікті (ВИДЕО)

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында жаппай тәртіпсіздік кезінде алаңға шығып, «Такбир» , «Аллаһу Акбар» деп ұрандатқан Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, депутаттар «Такбир», «Аллаһу Акбар» деген сөзді айтпауы тиіс. Сондай-ақ оны шұғыл түрде тергеуге алу керек. «Біз такибиристер елі ме едік?! Әлде исламистер елі ме едік? «Такбир», «Аллаһу Акбар» депутаттың айтатын сөзі ме? Алматы қаласының мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шұғыл түрде тергеуге алу керек. Елдің тәуелсіздігіне сатқындық жасағандар, өздерінше халифат құрғысы келгендердің ешқайсысын аямау керек!» - дейді Айгүл Орынбек. Тағы оқи отырыңыз: Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» кеңескенін жасырмады (ВИДЕО)