Жаңалықтар

Балабақша тәрбиешілерінің де еңбекақысы көтерілді

ашық дереккөзі

Балабақша тәрбиешілерінің де еңбекақысы көтерілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің де жалақысы тағы 25 пайызға өсті, деп хабарлады turkystan.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кітапханашылар, бухгалтерлер және зертханашылардың жалақысы өсті. 2022 жылдың қаңтар айында олардың жалақысы орта есеппен алғанда 20 пайызға артады және ары қарай жыл сайын Президент Жолдауы шеңберінде өсіп отыратын болады.