Партия белсенділері мұқтаждарға қолдау көрсетуді жалғастыруда

Партия белсенділері мұқтаждарға қолдау көрсетуді жалғастыруда

Партия белсенділері мұқтаждарға қолдау көрсетуді жалғастыруда
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының 17 өңірдегі филиалдары офлайн форматта жұмыс істейді. Тек Жамбыл және Қызылорда облыстарында ғана қызметкерлердің бір бөлігі қашықтан істеуде. Бұл күндері филиалдар мен партия белсенділері барлық жерде тұрақтылықты сақтау және Қазақстан Президентін қолдау бойынша жұмыс жүргізді. Бірқатар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалалары, Ақмола облысы және т.б.) қоғамдық жасақтар құрылды. Бастауыш, белсенділер, мәслихат депутаттары және «Jas Otan» еріктілерінің күшімен қала көшелері мен блокпосттарда полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккен Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларында жасотандықтар жергілікті билікке қаланы тазартуға, зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі. Барлық өңірлерде партия өкілдері тәртіпсіздіктерден зардап шеккен азаматтарға арнап қан тапсырды. Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер арасында партия фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары – Е.Т.Жаңбыршин, С.Б.Мұсабаев және нұротандықтар белсенді жұмыс істеді. Түркістан, Ақмола, СҚО, Қостанай және басқа да облыстардағы нұротандық депутаттар да осындай жұмысты жүргізді. Барлық деңгейдегі депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҮЕҰ және блогерлерді тарта отырып, әлеуметтік желілерде белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде 400-ден астам пост жарияланды. Әкімдіктермен бірлесіп Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Шуда зардап шеккен 6 ғимарат бойынша залалды бағалау жөніндегі комиссиялар құрылды. Ал Шымкент қалалық филиалын демеуші «Отау Строй» ЖШС-і есебінен қалпына келтіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Зардап шеккен партия ғимараттарын қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оның мүшелері офлайн жұмыс істеу үшін басқа үй-жайларға көшірілді. Атап айтқанда, Алматы облыстық филиал Талдықорған қалалық филиалына, Жамбыл облыстық филиал сот ғимаратына, Қызылорда облыстық және қалалық филиалдары Қорқыт Ата атындағы университеттің «Тұран» филиалының ғимаратына, ал Шу аудандық филиалы аудан әкімдігі ғимаратына көшті. 2022 жылғы 1-11 қаңтар күндері аралығында 622 адам «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдау бөлемелеріне жүгінді. Оның 283-і «111» шұғыл қызмет байланыс орталығына хабарласқан. Филиалдардың барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері 5 қаңтардан, ал «111» қызметі 1 қаңтардан бастап жұмыс істеді. Бұдан бөлек, республикалық қабылдау онлайн форматта жұмысын жалғастырды. Жалпы, 622 өтініштің 6-ауы (интернетті, банктердің жұмысын және митингіні (Шымкент қ., Тараз қ., Ақтау қ., Алматы қ., Ақтөбе қ.) ажырату мәселелері) үстіміздегі жылғы 5 қаңтарда партияның Call-орталығының жедел желісіне келіп түсті. «ТОП – 5» тақырып: Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері – 44%, жұмысқа орналастыру және еңбек құқығын бұзу – 8%, ТКШ – 7%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 6%, сот және құқық қорғау жүйесі – 3%. 67 азаматтарды қабылдау жүргізілді және 136 адам қабылданды, оның ішінде:
  • партия фракциясының мүшелері (барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары) – 19 қабылдау (41 адам);
  • қала аудандарының әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары – 5 қабылдау (10 адам);
  • жергілікті атқарушы органдардың басшылары – 12 қабылдау (29 адам);
  • партия филиалдарының басшылығы – 14 қабылдау (33 адам);
  • заңгерлер, медиаторлар және нотариустар – 17 қабылдау (23 адам).