ҰҚК Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғанын хабарлады

ҰҚК Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғанын хабарлады

ҰҚК Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғанын хабарлады
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп жазды turkystan.kz ҰҚК-нің сайтына сілтеме жасап.
«Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегі бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасады», - делінген хабарламада.