Педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Педагогтардың, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті
ашық дереккөзі
Биыл 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға өсті, деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың педагогтің жалақысын, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі. Сондай-ақ биыл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 21 мың жұмыскердің лауазымдық жалақысы 25%-ға артып отыр. Биыл 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталып, ол 591 мың адамды қамтыды. Нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.