Жаңалықтар

Бутик тонаған бүлікші жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Бутик тонаған бүлікші жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласындағы бірқатар сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандары тоналғаны белгілі. Бетін бетпердемен жаппаған бүлікшілердің бірі оқиға орнында ұялы телефонын да ұмытып кеткен, деп жазды turkystan.kz. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған ұрының видеосы Instagram-дағы Vorkzonline парақшасында жарияланды. Онда жас жігіттің қаладағы бутиктердің бірін тонап жатқанын көруге болады. Бір қызығы, бетін бүркемелемеген жігіт айнаға қарап, шашын тарап емін-еркін жүр. Керек заттарын алып шыққан ол қылмыс орнында телефонын қалдырып кеткен. Әзірге күдіктінің аты-жөні белгісіз.