Қазақстан мен Сербия Жол картасын бекітті

Қазақстан мен Сербия Жол картасын бекітті

Қазақстан мен Сербия Жол картасын бекітті
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичтің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін екіжақты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Сербия Экономика министрі Горан Кнежевич екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды. Бұдан бөлек, Астана әкімі Әсет Исекешев пен Белград мэрі Синиша Мали Қазақстан елордасының әкімдігі мен Сербия астанасы мэриясы арасындағы ниеттер туралы хаттаманы бекітті. ҚР Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бүгін шағын құрамдағы келіссіөздерде мемлекет басшыларының берген тапсырмалары аясында көптеген тақырыптар қамтылды. Осы ретте шаралардың арнайы жоспары құрылып, екі елдің министрліктері мен ұлттық компаниялары бойынша әріптестер бұл тапсырмаларды орындау тұрғысындағы жұмыстарға кірісіп кетті.