«Astana LRT» қаржысын жымқырған басты күдікті Мәсімовті кінәлады

«Astana LRT» қаржысын жымқырған басты күдікті Мәсімовті кінәлады

«Astana LRT» қаржысын жымқырған басты күдікті Мәсімовті кінәлады
ашық дереккөзі
«Astana LRT» жобасының қаржысын жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған Қанат Сұлтанбеков Facebook-тегі парақшасында ҰҚК-нің бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімов туралы жазба жариялады, деп жазды turkystan.kz.
«...Енді сіздің, Мәсімов, неліктен «Astana LRT» жобасын тергеуге қатты кедергі келтіргеніңіз және өзіңізге берілген барлық өкілеттіктермен менің айғақтарыма жол бермей, «жобаның ақшасын ұрлады» деп барлық айыптарды маған арта салу себебіңіз түсінікті болды. Сіз 2015 жылдың желтоқсанында осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай Даму банкінен несие алудың бастауында тұрдыңыз», – дейді ол.
Айта кетейік, «Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 1 млрд теңгеден астам пара алғаны үшін 10 жылға сотталған болатын. Қазір билік Нью-Йоркте қашып жүрген Қанат Сұлтанбековті ұзақ уақыттан бері экстрадициялай алмай жүр.