Шымкентте ұсталған бүлікшілердің саны 3 520-ға жетті

Шымкентте ұсталған бүлікшілердің саны 3 520-ға жетті

Шымкентте ұсталған бүлікшілердің саны 3 520-ға жетті
ашық дереккөзі
Полиция қызметкерлері 3 520 бүлікшіні ұстады. Олардың 271-і әкімшілік қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап.
«Жалпы, 40 адамға айыппұл салынса, 55 адамға ескерту берілді. 73 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Шымкентте жағдай тұрақты. Шымкенттіктерді деструктивті топтарға ермеуге шақырамын», - деді комендант, қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов.
Мегаполистің стратегиялық маңызды нысандарына күзет күшейтілген. Ал блокбекеттерде шығу және кіру жолдарында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр. Қала шекарасында 7 блокбекет қойылған. Қауіпсіздік қызметкерлері қаладағы тұрақты жағдайға қарамастан күндіз-түні кезекшілік етеді. Тексерістердің нәтижесінде тоғыз адам ұсталып, екі газ тапаншасы тәркіленді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздік барысында бүлінген 23 кәсіпкерлік нысанның 12-сі қалпына келтірілген. Төрт банкомат, ұялы телефон, киім-кешек дүкендері, тамақтану орындары тоналған. Сондай-ақ, тонаушылар құрылыс нысандарының аумағынан арнайы техника ұрлап, бірнеше автобусты өртеп үлгерген. Бизнеске келтірілген зиянның жалпы сомасы 226 миллион 595 мың теңгеге бағаланып отыр.