Ақтөбедегі тәртіпсіздіктердің қалай басталғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Өңірдің тәртіп сақшылары 5 қаңтарда облыс әкімдігі алдындағы алаңда басталған тәртіпсіздіктердің видеосын жариялады, деп жазды turkystan.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Көшедегі бейнебақылау камераларына түсірілген жазбалардан наразылық білдірушілер алаңға жүк көлігімен өрнектастарды алып келгенін көруге болады. Кейін шерушілер бұл тастарды полиция өкілдеріне қарай жаудыра бастайды. Қауіпсіздік күштері қарсылық танытқанымен, еш қауқар көрсете алмады. Ал азғантай тәртіп сақшыларының бірі, тіпті, көлік астында қалған.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде 17 полицей түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Полицейлердің қызметтік көліктері, арнайы техникасы, байланыс құралдары зақымданды. Бүлікшілерден молотов коктейльдері, таяқтар, темір мен тастар тәркіленді», – деді Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев.

Шерушілер облыс әкімшілігіне екі рет шабуыл жасаған. Алдымен 5 қаңтарда түстен кейін, бірақ кейін олар тарап кеткен.  Ал 7 қаңтарға қараған түні жүздеген шеруші облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, бүлік жасаған. Келтірілген шығын – 300 миллион теңге.

Ақтөбе

Тәртіпсіздіктен кейін жергілікті полиция бөлімшелеріне 960 адам жеткізіліп, 11 қылмыстық іс қозғалған. Жеті тұрғын аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның ішінде терроризм мен билік өкілдеріне зорлық көрсетті деп күдікке ілінгендер де бар.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button