Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды
ашық дереккөзі
Алматының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылғанын жазғанбыз.