Ертең бірқатар облыста боран соғуы мүмкін

Ертең бірқатар облыста боран соғуы мүмкін

Ертең бірқатар облыста боран соғуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжауынша, 13 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде боран соғады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Қарағандыда күндіз боран соқса, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Ертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады. Ал елордада боран соғып, түнде және таңертең тұман түседі.