Жаңалықтар

Жүк көлігінің жүргізушісі полиция көлігін соқты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Жүк көлігінің жүргізушісі полиция көлігін соқты (ВИДЕО)

Қостанай облысында жүк көлігінің жүргізушісі блок бекетте тұрған полицияның қызметтік көлігіне барып соғылған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Абырой болғанда, адам аман. Облыс комендатурасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Меңдіқара ауданында болған. 45 жастағы жүргізуші блок бекетте VOLVO жүк көлігін тоқтата алмай қалған. Тежегіші істен шыққан техника қос көлікке соғылған. Оның бірі - полицияның қызметтік көлігі. Жүк көлігінің жүргізушісіне  әкімшілік хаттама толтырылған.