Нигерияда үш қабатты шіркеу құлады (ВИДЕО)

12 қаңтар, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Нигерияда үш қабатты шіркеу құлады (ВИДЕО) Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында шіркеу құлады, деп хабарлады turkystan.kz. Салдарынан 10-ға жуық адам қаза тапқан. Олардың арасында үш бала бар. Бұл жайлы мемлекеттің денсаулық сақтау комиссары Онони Морди мәлімдеді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Билік құрбандар саны артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Оқиға кезінде шіркеуде 50-ден астам адам болған.