Талдықорғанда тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Талдықорғанда тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Талдықорғанда тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасының үш бірдей адамы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі кезінде түсірілген видео жарияланды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

«Міне, бүгін соңғы сапарға шығарып салдық. Қызы, әйелі, өзі кетіп бара жатыр... Бір үйдің шаңырағын ортасына түсірді... Әкесі, артынан қызы мен оның шешесі кетіп бара жатыр. Мәшинеге де сыймайды ғой», - дейді видео авторы.
Аулада әйелдер жоқтау айтып, жылап тұр. Әлеуметтік желіні қолданушылар жақындарына көңіл айтып, үш адамның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр.
«Бандиттердің қолынан қаза тапқан ба? Әлде күш құрылымдарының оғы тиді ме?» - деп жазды біреу. «Жылаған аналардың көз жасы кінәлілердің артынан қалмасын. Не дейміз. Иманды болсын!” - дейді басқалар.
Әзірше бір үйдің үш адамы қалай қайтыс болғаны белгісіз. Ресми органдар ақпарат таратпай отыр. Еске салсақ, Алматы облысында контртеррористік операция аяқталған жоқ.